You are here

10-кеңес. Кәсіпкерліктің заңнама бұзғаны үшін жауаптылығы

Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі

Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік, экологиялық және басқа салаларды дамытуға ерікті түрде үлес қосуы болып табылады.

Кәсіпкерлік субъектілері өз қызметінде жұмыспен қамту және еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау аяларында және басқа да аяларда кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін енгізе алады.

Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін кәсіпкерлік субъектілері қайырымдылық арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де нысандарда жүзеге асыруы мүмкін.

Кәсіпкерлік субъектілерін әлеуметтік жауапкершілік бойынша қызметті жүзеге асыруға мәжбүрлеуге ешкімнің құқығы жоқ.

Қайырымдылықты жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің істеріне мемлекеттің заңсыз араласуына жол берілмейді.

Кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық

Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз таратқаны және (немесе) пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте жауапты болады.

Осындай тарату және (немесе) пайдалану салдарынан кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген зиян, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге жатады.

Заңды кәсіпкерлік қызметке тосқауыл болу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Кәсіпкерлік субъектісінің заңды кәсіпкерлік қызметіне тосқауыл болу салдарынан келтірілген барлық шығындар, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге жатады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
1 + 7 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.