You are here

10-кеңес. Кепілді қандай жағдайларда қолдануға болады?

Егер сізге (туыстарыңызға, таныстарыңызға) қатысты қылмыстық іс (аса ауыр қылмыстарды қоспағанда) тергеп-тексерілсе және бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе тұрса, тергеуші (анықтаушы), прокурор, сот алдында кепіл таңдау туралы өтінішхат беруге болатынын есте сақтаңыз. 

Кепiл – бұл тергеушінің (анықтаушының), прокурордың немесе соттың шақыруы бойынша күдiктiнiң, айыпталушының келуi жөнiндегi мiндеттерiн орындау мақсатында,сот депозитiне күдiктiнiң, айыпталушының өзiнiң не басқа адамның ақша салуы.

Сондай-ақ, кепіл ретінде:

  • жылжымайтын мүліктен – жер учаскелері, сондай-ақ жермен тығыз байланысты ғимараттар, құрылыстар және өзге де мүлік, яғни көшіргенде оның мақсатына тең емес зиян келтірілмеуі мүмкін емес объектілер;
  • жылжымалы мүліктен – ақша, құндылықтар, көлік құралдары және құжаттамалық эмиссиялық емес құнды қағаздар қабылдануы мүмкін.

Кепiлдiң құндылығын және ауыртпалықтың жоқ екендiгiн дәлелдеу кепiлгерге жүктеледi.

Кепiл прокурордың санкциясымен не соттың, тергеу судьясының қаулысы бойынша ғана қолданылады.

Кепiлдi қабылдау туралы хаттама жасалады, онда шақыру бойынша келу туралы міндеттер түсiндiрiледі, ал кепiл берушiге келуден жалтарған жағдайда, кепiл мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылатыны туралы ескертiледі.

Егер күдікті, айыпталушы өздеріне жүктелген міндеттерді бұзбаса, кепіл берушіге кепіл нысанасы дереу қайтарылады.

Кепiлдiң мөлшерi күдіктің ауырлығы, күдіктінің, айыпталушының жеке басы, қылмыстық іс-әрекеттің сипаты, кепіл берушінің мүліктік жағдайы ескеріле отырып айқындалады және:

  • онша ауыр емес қылмыстар бойынша – 50 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
  • ауырлығы орташа абайсызда жасалған қылмыстар бойынша – 150 АЕК;
  • ауырлығы орташа қасақана жасалған қылмыстар бойынша – 250 АЕК;
  • ауыр қылмыстар бойынша – 500 АЕКмөлшерiнен кем бола алмайды.

Айрықша жағдайларда кепіл мөлшері төменгі мөлшерден аз мөлшерде қолданылуы мүмкін.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
9 + 8 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.