You are here

10-кеңес. Баланы бала бақшаға қалай ресімдеу, балалар лагеріне қалай жолдама алу қажет

1. Баланың ата-анасының бірінің тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) арызбен жүгіну керек. 

2. Арызға мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

  • баланың туу туралы куәлігі;
  • жеке басты куәландыратын құжат (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің);
  • мектепке дейінгі ұйымда бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат (бар болса). 

3. Бірінші кезекте орын алуға құқылы:

  • заңды өкілдері мүгедектер болып табылатын балалар;
  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалғанбалалар;
  • жетім балалар;
  • көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
  • әскери қызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза болған, қайтыс болған немесе із-түзсіз жоғалып кеткен әскери қызметшілердің балалары;
  • арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза болған, қайтыс болған немесе із-түзсіз жоғалып кеткен қызметкерлердің балалары.

Сізге кезектіліктің нөмірін көрсетіп кезекке қойылғаныңыз туралы хабарлауы немесе орын бар болса мектепке дейінгі ұйымға жолдама беруі тиіс.

Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама алу үшін әкімдікке арызбен жүгіну қажет, оған мынадай құжаттарды қоса тіркеу керек:

  • баланың жеке басын куәландыратын құжат;
  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт) оған баланың флюро суретін қоса тіркеу (бар болса).

Тегін жолдама алуға мынадай балалар құқылы:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
  • жан басына шаққандағы кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасынан шыққан балалар;
  • отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балалар;
  • мектеп, лицей және т.б. белгілейтін оқушылар мен тәрбиеленушілердің өзге санаттары.

Бұндай жағдайларда, осындай құқықты растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.

Жолдама 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
1 + 1 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.