You are here

1-кеңес.Өз бизнесіңді қалай қорғау керек

Өз бизнесіңді ықтимал тергеп-тексеру мен соттық талап- арыздардан қорғаңыз. Болмысы күдік тудыратын адамдармен байланыс орнатудан аулақ болыңыз (болмыс туралы мәліметтерді Интернет-ресурстардан табуға болады), және күмәнді кәсіпорындар мен мәмілелерге қатыспаңыз.

Қолма-қол ақшаңыз бен кірістеріңізді қадағалап отырыңыз. Кәсіпорын қызметіне тәуелсіз аудит жүргізіңіз. Бұл кемшіліктерді айналып өтуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар меморгандардың тексерістерінен қорғайды (өрт қауіпсіздігі және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы).

Білікті адвокатпен және қаржы кеңесшісімен ынтымақтастықта жұмыс істеңіз. Шағын бизнеске көптеген салықтық жеңілдетулер қарастырылған (салық заңнамасымен көзделген). Сіз олардың барлығын білетініңізге және қолданатыныңызға көз жеткізіңіз.

Меморгандармен және заңды тұлғалармен барлық хат алмасу ресми түрде жүргізілуі тиіс (яғни, хаттардың шығыс нөмірлері мен күндері болуы тиіс, бұл ретте сіздің хатыңызды меморган мен заңды тұлғаның алғанын растайтын құжаттардың бар болғаны жөн). Контрагенттермен болған барлық уағдаластықтарды құжатпен бекітіңіз, оны міндетті түрде заңдық тұрғыда тексеріңіз.

Меморгандар кәсіпорындарға алда болатын тексеріс туралы хабарлауға тиіс пе?

Әрине, ерекше тәртіп бойынша тексерістің басталатыны туралы және ішінара тексеріс туралы 30 күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде хабарлануы тиіс. Жоспардан тыс тексеріс кезінде тексеріс басталғанға дейін бір тәулік бұрын хабарлануы қажет.

Бұл ережеден тыс өткізілетін тексерістерге Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабының 3-тармағының 2, 7, 9, 10 тармақшаларына және 6,7 тармақтарына сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерістер жатады. 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
8 + 8 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.