You are here

1-кеңес.Егер Сіздің жақын адамыңыз азғырып көндіру тұзағына түсіп қалса

Есіңізде болсын, жалдамалыларды азғырып көндіру деп белгілі бір материалдық сыйақыға қарулы қақтығысқа немесе әскери қимылдарға қатысу үшін адамдарды жалдау арқылы іріктеу меңзеледі.Азғырып көндіру оған кандидаттарды іздестіруден, содан соң террористік не экстремистік іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында оларға кез келген тәсілмен (көндіру, бопсалау, уәде байласу) психологиялық ықпал етуден басталып, келісім жасаумен аяқталады. 

Азғырып көндіруге ұшыраған адамның мінез-құлық белгілері:

  • әдеттері өзгереді. Діни кітаптар мен дұға мәтіндерін оқуға көп уақыт бөледі;
  • мүдделері өзгереді. Оны отбасының тірліктері қызықтырмайды, достарымен қарым-қатынаста салғырт бола бастайды, жұмысқа, оқуға немқұрайлы қарайды;
  • мінез-құлқы, жүріс-тұрысы өзгереді. Күнделікті және әдеттегі нәрселерге бейадекватты және агрессивті жауап қатады;
  • көзқарастары өзгереді. Айналадағы адамдардың теологиялық мәселелер бойыша пайымдары мен пікірлеріне эмоционалды және агрессивті жауап қатады. Жалғыз ақиқат ретінде өзінің көзқарасын таңуға тырысады;
  • өмір салты өзгереді. Достарымен және жұмысындағы әріптестерімен қарым-қатынасы шектелгеніне қарамастан, көптеген телефон қоңыраулары, хаттардың келуі пайда болады, аптасына кездесулердің (сондай-ақ жиналыстар, семинарлар және т.б.) саны да көбейеді. Жұмыспен байланысты емес ел ішіне және шетелге сапарлармен шығуы мүмкін;
  • ақша жұмсауы өзгереді. Ақша шығындары, күнделікті жұмсайтын ақша мөлшері (балаларда) шамадан  тыс көбейеді.

Аталған барлық алты белгінің болуы міндетті емес екенін атап өтеміз. Дегенмен, олардың біреуін анықтасаңыз, ойлану қажет-ақ.

Егер Сізде жақын адамыңыз азғырып көндіруге ұшырады деген қатты күдік пайда болса, Сіз бұл туралы:

  • республикалық сенім телефоны–114;
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «сенім телефоны» – 110немесе 8 (7172) 24 02 90арқылы хабарлай аласыз.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
3 + 7 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.