You are here

1-кеңес. Әрбір жұмыскерге нені білу қажет

1.Міндетті түрде жұмыс берушімен еңбек шартын жасаңыз.Ол болмаған кезде, Сіз уақытылы еңбекақы алу, демалысқа шығу, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер алу құқығы кепілдігінен айырыласыз.

2. Өз еңбек міндеттеріңізді қатаң еңбек шарты шеңберінде орындаңыз.

Еңбек шартында жазылған шарттарды орындамағаны үшін жұмыскер тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін (ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығару).

Жұмыс берушіге зиян келтіруге әкеп соққан еңбек шарты талаптарын бұзушылықтар жұмыскерді материалдық жауаптылыққа тарту үшін негіз болып табылады (зиянды өтеу).

3. Еңбекақы айына бір реттен сирек емес тәртіпте, келер айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей ақшалай нысанда төленеді.

4. Демалыс және мереке күндердегі жұмыс ақысы жұмыскердің күндізгі (сағаттық) мөлшерлемесіне қарай бір жарымнан төмен емес мөлшерде жүргізіледі. 

5. Түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына жұмыскердің күндізгі (сағаттық) мөлшерлемесіне қарай бір жарымнан төмен емес мөлшерде төлем жүргізіледі. 

6. Жалақыны уақытпен есептеп төлеу кезінде үстеме уақыт  жұмысқа жұмыскердің күндізгі (сағаттық) мөлшерлемесіне қарай бір жарымнан төмен емес мөлшерде төлем жүргізіледі.

7. Жұмыс уақытының номиналдық ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.

8. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде ол кемінде бір ай уақыт бұрын жұмыскерді жазбаша хабардар етугеміндетті.

9. Жұмыскердің уақытша еңбекке қабілетсіздігі және демалыста болуы кезеңінде жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.