You are here

1-кеңес. Өз балаңызды қалай қорғау керек

1. Балаңыздың әлеуметтік желілердегі өміріне қызығушылық танытыңыз, одан әлеуметтік желілерде хат жазысатын таныстары мен достары немесе «виртуалды» достығы туралы сұраңыз. 

2. Балаңыз бөтен, оның ішінде әлеуметтік желілердегі бейтаныс адамдардан қауіп сезінсе, оған «Жоқ» деп айтуды үйретіңіз.

3. Балаңызға таныс емес кісілер тап беріп, ұстауға әрекеттенсе, оған «Бұл менің анам емес!» (немесе «Бұл менің әкем емес!») деп қатты айғайлау қажеттігін үйретіңіз. Бұл айналадағылардың назарын аударып, қылмыскерді үркітіп жібереді. 

4. Егер жоспарлары аяқ астынан өзгерсе, балаңызға қайда баратынын, қашан келетінін хабарлауды және телефон арқылы ескертуді үйретіңіз.

5. Балаңызды бала бақшадан немесе мектептен өзіңіз алып кетіңіз. Егер оны алып кетуге басқа біреу баратын болса, бұл туралы тәрбиешіге немесе мектеп мұғаліміне алдын ала ескертіп қойыңыз.

6. Балаңыз үшін құпия сөз ойлап табыңыз және сол құпия сөзді білмесе, ешқашан бөтен кісінің көлігіне отырмауды және онымен еріп кетпеуді үйретіңіз.

7. Балаңызға достарымен, қатарластарымен бірге жүру қауіпсіз екенін шегелеп айтып, түсіндіріңіз. Қылмыскер әрқашан қараусыз, жалғыз жүрген балаға назар аударады.

8. Балаңыздың кешкі және түнгі уақыттарда үйде болуын қадағалаңыз.

9. Балаңызға телефон-автомат (халықаралықты қосқанда) пайдалануды үйретіңіз. Үй телефоны мен көмек қызметтерінің телефон нөмірлерін ол жатқа білуі тиіс.

10. Балаңызды бір жылда кемінде бір рет суретке түсіріп тұрыңыз, егер ол жоғалып кетсе немесе оны ұрлап әкетсе, қолда бар оның сырт келбеті мен ерекше белгілері қажет болады.

11. Балаңыз өз басынан өткендердің барлығын жасырмай айтып беретіндей жайлы ата-ана болу керек. Сіздің әрқашан оны жақсы көретініңізге және ол жоғалып кетсе іздеуді ешқашан тоқтатпайтыныңызға балаңыз сенімді болуы керек. Балаңызбен түсіністік пен сенімге толы қарым-қатынас құра біліңіз. Көбіне, үйінде мейірімділік жетіспейтін балалар қайғылы жағдайларға ұрынып жатады.

12. Балалар мен жасөспірімдерге қатысты жыныстық немесе зорлық-зомбылық фактілері бойынша 102 нөміріне, немесе 115 нөмірін теруарқылы ҚР Бас прокуратурасының  Call-орталығына хабарлаңыз.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
7 + 5 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.