You are here

1-кеңес. Егер Сізге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалса

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы уәкілетті лауазымды тұлға жазбаша немесе электрондық нысанда жасайды (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің(бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 803-бабы) және қатаң есептіліктегі құжат болып табылады. Оны ауыстыруға немесе қайта басып шығаруға болмайды.

Хаттаманы мұқият оқып шығыңыз. Бұл көптеген түсініспеушіліктер мен жайсыздықтардан құтылуға мүмкіндік береді. Хаттаманың жасаудың күні мен уақытын дәл көрсетуді, сондай-ақ істің барлық мән-жайларын толық жазуды талап етіңіз.

Сіз мыналарға құқылысыз:

  • хаттамамен және істің басқа материалдарыментанысуға;
  • түсініктер беруге, хаттаманың мазмұны мен оны ресімдеу бойынша ескертулер жасауға;
  • дәлелдемелер беруге, өтініш және қарсылық мәлімдеуге;;
  • қорғаушының заңдық көмегін пайдалануға;
  • істі қарау кезінде ана тіліңізде сөз сөйлеуге немесе өзіңіз меңгерген тілде сөйлеуге және іс жүргізіліп жатқан тілді меңгермесеңіз, аудармашының қызметтерін өтеусіз пайдалануға.
  • іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына (жеткізу, ұстау, әкелу, қарап-тексеру және т.б.), хаттама жасау жөніндегі әрекеттерге, іс бойынша қаулыға шағым беруге;
  • істегі құжаттардан үзінділер алуға және көшірмелер жасауға.

Егер сіз жасалған хаттамамен келіспесеңіз, қызметкердің іс-әрекеттеріне жоғары тұрған органға, аудандық немесе әкімшілік сотқа шағым беруге құқылысыз.

Шағымдар жазбаша және ауызша болуы мүмкін.

Ауызша шағымдар лауазымды тұлғалардың жеке қабылдауында айтылады немесе хаттамаға енгізіледі, оған сіз және лауазымды тұлға қол қоясыздар.

Шағым сіздің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңіз бұзылған күннен бастап 2 ай ішінде сіздің ана тіліңізде немесе сіз меңгерген тілде беріледі.

Шағым келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралады. 

Егер сізге шағымды қанағаттандырудан бас тартса, сіз қаулының көшірмесін алған күннен бастап 10 тәулік ішінде шағым беруге құқылысыз:

  • органның қаулысын – сотқа;
  • соттың қаулысын – жоғары тұрған сотқа.

Бұл сот актісі түпкілікті болып табылады және шағым беруге жатпайды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
1 + 0 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.