You are here

1-кеңес. Бірінші сатыдағы сотқа талап қою арызын қалай беруге болады?

Талап қою арызы сотқа жауапкердің тұрғылықты жері бойынша беріледі.

Мәлімет үшін: талап қою  арызы – бұл бұзылған немесе дауланатын құқықтарды, бостандықтарды және заңды мүдделерді қорғау мақсатында сотқа жазбаша немесе электронды нысанда берілетін құжат.

Талап қою  арызы электронды цифрлық қолтаңбаның көмегімен электронды құжат нысанында ұсынылуы мүмкін  (office.sud.kz).

Әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерлерге талап қою арызы талапкердің таңдауы бойынша жауапкердің біреуінің тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша ұсынылады. 

Маңызды!

Азаматтық істің соттылығы туралы:

  1. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттылық (АПК-нің 30-бабы).
  2. Айрықша соттылық (АПК-нің 31-бабы).
  3. Шарттық соттылық (АПК-нің 32-бабы).

Талап қою мерзімдері туралы:

Жалпы талап қою мерзімі -  3 жыл.

Жекелеген санаттағы істер бойынша өзге мерзімдер белгіленген:

  • мәмiленiң жарамсыздығына немесе  кіріптарлық мәмілелерге байланысты даулар бойынша талап қою мерзiмi  (АК-тің 159-бабының 9 және 10-бөліктері) – талап қоюшы өзге де мән-жайларды бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап 1 жыл.
  • мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) даулау  туралы істер бойынша -  бұзушылық туралы белгілі болған күннен бастап 3 ай;
  • сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы істер бойынша -  осындай әрекеттер (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап 10 күн. 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
12 + 5 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.