8-кеңес. Басты сот талқылауы дегеніміз не?

Басты сот талқылауы – бұл бірінші сатыдағы соттың қылмыстық істі мәні бойынша қарауы

Басты сот талқылауында:

  • іс бойынша барлық дәлелдемелер зерттеледі
  • сотталушының, куәлардың, жәбірленушінің жауаптары тыңдалады;
  • хаттамалар жарияланады;
  • сарапшылардың қорытындылары мен басқа да құжаттар зерттеледі;
  • заттай дәлелдемелер қарап-тексеріледі.  

Басты сот талқылауы басталуы тиіс:

  • тараптарды сот отырысының орны мен басталу уақыты туралы хабардар еткен кезден бастап 3 тәулік өткен соң;
  • қараудың қысқартылған тәртібі кезінде 10 тәуліктен кешіктірмей;
  • тағайындау туралы қаулы шығарылған кезден бастап жалпы тәртіпте қарау кезінде 15 тәуліктен кешіктірмей, айрықша жағдайларда 30 күнге дейін.

 Басты сот талқылауы орынды мерзімдерде аяқталуы тиіс.

Қысқартылған іс жүргізу кезінде басты сот талқылауы 10 тәуліктен 20 тәулікке дейінгі мерзімдерде аяқталуы тиіс. 

Есіңізде болсын!!! 

Сот үкімі тек мыналарға негізделуі тиіс:

  • сотта зерттелген дәлелдемелерге;
  • сот тергеуінің қысқартылған тәртібі кезінде және тергеу және анықтау жүргізу кезінде алынған және тараптар сотта дауламаған дәлелдемелерге.

Add new comment

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Web page addresses and e-mail addresses turn into links automatically.
  • Lines and paragraphs break automatically.
CAPTCHA
This question is for testing whether you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.