«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялау туралы хабарлама

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Вид конкурса: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық- техникалық қамсыздандыру басқармасы" Мемлекеттік мекемесі

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-O-4 санаты бойынша:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

      9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы,тг.:

 

 

 

 

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

126357

170599

 

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық- техникалық қамсыздандыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік Ел к., 14 үй, 229 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8 (7172) 71-25-12, 71-28-79, 7172512@prokuror.kz) «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды.

1.      Басқарманың Құқықтықпен қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, С-O-4 санаты, 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы,  мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), құқық (халықаралық құқық. кедендік құқық, азаматтық құқық, заңтану, құқықтану, құқықтық қызмет),  нақты лауазым бойынша функционалдық бағыттарға сәйкес келетін мамандықтар бойынша жоғары білім, немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім.

Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық етеді. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысады. Жоспарланатын және жүргізген мемлекеттік сатып алуды мониторингілеу. Жүргізілген мемлекеттік сатып алу бойынша есептерді жасау және тапсыру. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы бұйрықтардың жобаларын әзірлеуге және бекітуге енгізуді қатысады. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттардың жобаларын жасауға және қарауға қатысады. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сақтау үшін бақылау жасайды. Мемлекеттік сатып алу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын қолдану практикасын талдау және жинақтауды жүргізеді. Жүргізілген сатып алу нәтижелері бойынша аналитикалық материалдарды дайындайды. Прокуратура органдарының құрылымдық бөліністеріне мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларын қолдану мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Заңды және жеке тұлғалардан келіп түсетін хаттарды, өтініштерді, шағымдарды және ұсыныстарды қарау және оларды белгіленген өкілеттік шеңберінде шешеді.

1.      Басқарманың Құрылыс және жөндеу жұмыстары бөлімінің басшысы, С-O-4 санаты, 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар (электр энергетикасы, жылу энергетикасы, құрылыс, құрылыс материалдары , бұйымдары мен конструкциялары өндірісі,), өнер (сәулет), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), қызмет көрсету (жерді орналастыру, қадастр, бағалау) салаларында, нақты лауазым бойынша функционалдық бағыттарға сәйкес келетін мамандықтар бойынша жоғары немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім.

Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық етеді. Мердігерлік құрылыс және жобалау ұйымдарымен бірлесіп, прокуратура органдарының құрылыс және жөндеу жұмыстары жоспарларын және құрылыс жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді; жобалау институттарымен бірлесіп, жобалау жұмыстарының кестелерін жасауды және олардың орындалуын бақылауды, жобалау ұйымдарымен құрылыс объектілеріне техникалық құжаттама бойынша құрылыс-монтаждау ұйымдарының ескертулері мен наразылықтарын қарауды және келісуді; барлық құрылыс объектілерін материалдармен және жабдықпен жарақтау жоспарларын әзірлеуді жүзеге асыруды, жоғары тұрған және мамандандырылған ұйымдар мен ведомстволарға құрылыс мұқтаждары үшін материалдар мен жабдықтарға өтінімлер беруді; салынып жатқан объектілерде аяқталмаған күрделі құрылыстардың есебін жүргізуді қамтамасыз етеді; анықталған ақауларды жою бойынша шараларды уақтылы қабылдауды қамтамасыз етеді; ғимараттардың нобай жобаларын әзірлеуге қатысады; көркем-конструкторлық міндеттерді орындауға, жобалауға техникалық тапсырмаларды жасауға ұсыныстарда және оларды тапсырыс берушілермен келісуге қатысады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық- техникалық қамсыздандыру басқармасында қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық- техникалық қамсыздандыру басқармасында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасына уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, немесе сотка беру тәртібімен шағымдана алады.

Ішкі конкурс ұазаұстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

         Нысан

      __________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

      Мені____________________________________________________________________

      __________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

       қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

          

________________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________                                          ____________________________________

       (қолы)                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      "___"_______________ 20 __ ж.