Бас прокуратурадағы «Абай оқулары» байқауы туралы

20 October 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратурадағы «Абай оқулары» байқауы туралы - 1457039865

Бас прокуратурада Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Ұлы ақынның шығармашылығын насихаттауға арналған «Абай оқулары» байқауы өтті.

Қоғамдық сананы жаңғырту аясында Абайдың тұлғасы мен шығармашылығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген қазақ халқының ұлттық мәдениетінің өзегі екені сөзсіз.

Жуырда еліміздің Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жарлығымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Мемлекет басшысы ақынның мерейтойын еліміз бойынша жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде атап өтуді қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды.

Осыған орай мерейтойлық жыл қарсаңында Бас Прокурор Қазақстанның прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында «Абай оқулары» байқауын өткізу туралы бастама көтерді. Байқаудың мақсаты – жас мамандарды рухани тәрбиелеу және олардың тіл мәдениетін арттыру үшін Ұлы ойшылдың мұрасын зерделеу, ой елегінен өткізу және насихаттау.      

Республика бойынша «Абай оқулары» акциясына үш жүзден астам прокурор қатысты. Бір ай бойына облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларда Абайдың шығармашылық мұрасына арналған іс-шаралар өткізілді. 

Бас прокуратурада өткен байқау Ұлы ақынның шығармашылығын прокуратура органдарында насихаттау бағытында осы жылға жоспарланған іс-шараларды аяқтады. Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінен құралған топтар Ұлы ойшылдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, елге танымал әндерін орындады.

Қатысушылардың шеберлігін танымал абайтанушы, филолог-ғалым Омар Жәлел, Бас Прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ардагерлері кеңесінің төрағасы Әсет Әділхан және Бас прокуратураның басқа да қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы бағалады.

Сайыстың қорытындысында қазылардың шешімімен бірінші орынды Бас прокуратураның Кадрларды дамыту департаментінің тобы (Дархан Айтмағанбетов, Рүстем Иманғалиев), екінші орынды Арнайы прокурорлар қызметінің тобы (Данияр Сағындықов, Ақмарал Муртазина), ал үшінші орынды Қылмыстық қудалау қызметінің тобы (Ілияс Есқалиев, Ержан Жандосов) жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Бас Прокурордың атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Барлық қатысушылар ерекше ықылас және шығармашылық белсенділік танытқандары үшін  алғыс хаттармен марапатталды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

 

Бас прокуратурадағы «Абай оқулары» байқауы туралы - 1589327103
Бас прокуратурадағы «Абай оқулары» байқауы туралы - 1450716313
Бас прокуратурадағы «Абай оқулары» байқауы туралы - 1589049434
Бас прокуратурадағы «Абай оқулары» байқауы туралы - 920070569
Бас прокуратурадағы «Абай оқулары» байқауы туралы - 332204954
Бас прокуратурадағы «Абай оқулары» байқауы туралы - 1774279758
Бас прокуратурадағы «Абай оқулары» байқауы туралы - 1252463571
Бас прокуратурадағы «Абай оқулары» байқауы туралы - 2076916734
Бас прокуратурадағы «Абай оқулары» байқауы туралы - 861564584
Бас прокуратурадағы «Абай оқулары» байқауы туралы - 540189581
Бас прокуратурадағы «Абай оқулары» байқауы туралы - 20761281
Бас прокуратурадағы «Абай оқулары» байқауы туралы - 1756749194
Бас прокуратурадағы «Абай оқулары» байқауы туралы - 198858782
Бас прокуратурадағы «Абай оқулары» байқауы туралы - 2080443713

Comments

Add new comment