Қазақстанның Бас прокуратурасында халықаралық конференция өтті

24 July 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қазақстанның Бас прокуратурасында халықаралық конференция өтті - 1370994485

2019 жылғы 24 шілде, Нұр-Сұлтан қ. Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің қадағалаушы ведомстволары өкілдерінің қатысуымен «Ұрланған активтерді шетелден қайтару» атты тақырыпта халықаралық конференция өтті.

Қазақстаннан Бас прокуратураның өкілдерінен басқа конференцияға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының, ІІМ-нің, қаржылық мониторингі мен мемлекеттік кірістер комитеттерінің қызметкерлері де қатысты.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралармен бөлісе отырып, конференция қатысушылары жаңа қауіптердің алдын алуда барлық мүдделі мемлекеттердің құқық қорғау органдарының бірлескен күшін талап ететіндігін атап өтті.

Сондай-ақ отандық прокурорлар шетелдік әріптестеріне шетелдегі қылмыстық жолмен алынған кірістерді тәркілеу мен тыйым салуды қолдану бойынша әдістемелік құралды және құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу үлгілерін таныстырды.

 Өз кезегінде қатысушылар қазақстандық тарапқа сындарлы ынтымақтастық пен құқықтық саласындағы қарым-қатынас мәселелерін одан әрі талқылау мүмкіндігін ұсынғандығына ризашылығын білдірді.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Comments

Add new comment